«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі Ясауи жайлы аңыздардың балаларға арналған топтамасын онлайн түрінде ұсынуда

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі карантин режиміне байланысты бұқара халықпен тұрақты түрде онлайн қызмет атқарып жатқаны белгілі. Осы орайда балалардың жазғы демалысын тиімді пайдаланып, аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерді кеңінен насихаттау, патриоттық сезімге баулуға ықпал ету, тарихи орындар мен тұлғалар жайлы тереңірек танып-білуге шақыру мақсатында​ аңыз-әңгімелер топтамасын балалар тілінде ұсынуды қолға алды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жинақтаған «100 аңыз» кітабындағы аңыз-әңгімелер арқылы Қожа Ахмет Ясауидің балалық шағы, ұстаздары мен шәкірттері, өмірлік жолы мен өнегесі, тарихи орындар мен тұлғалар жайлы бейне көрсетілімдер анимация және деректі фильмдер мен графикалық суреттерді құрастыра отырып сипаттайтын болады.

Алдыңғы ақпарат

Балаларға арналған аңыздар топтамасы

Келесі ақпарат

Балаларға арналған аңыздар топтамасы