«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің қазақстандықтардан Маңғыстау облысы үшін қаражат аударуды сұраған үндеуін «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей ұжымы бір ауыздан қолдады.
Ауылшаруашылық министрлігінің сайтында «Министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады», — деп жазылған. «Ауа-райының қолайсыздығы мен оның салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті.Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді», — делінген хабарда.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 96 қызметкері бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады. Бүгінгі таңда ұжым мүшелерінің жинаған қаржысы «Казимпэкс-Ақтау» қорының есеп шотына аударылды.
Алдыңғы ақпарат

Құман, ХХ ғ.

Келесі ақпарат

Пайғамбарлар қиссасы