ҮЗДІКТЕРГЕ ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен профессор Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бас есепшісі Зұлпыхар Бақытжан Шәкірұлы марапатталды.

Мәдениет саласына өлшеусіз үлестерін қосып жүрген еңбек иелеріне министрдің құттықтауын жеткізген Мәдениет және өнер істері жөніндегі департаментінің басшысы Күміс Сейітова қорық-музейдің жүйе техник инженері Асқар Асанбековке арнайы алғыс хат табыстады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

#bizbirgemiz #onlinedabol #Turkistan #uidebol #тарих

Алдыңғы ақпарат

26-29 мамыр аралығында өтетін онлайн-лекциялардың бағдарламасы

Келесі ақпарат

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті