«Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін» медалі

Медальді музей қорына 2001 жылдың 3 желтоқсанында Отырар ауданы, Отрабад станциясының тұрғыны Тұрғанова Құрбанкүл өткізген.

Медаль материалы күмістелген томпақ, дөңгелек пішінді. Жазба бедерлерінің орналастырылуына қарай жоғарғы жағында тағанмен біріктірілетін көзі бар. Тағаны жоқ. Беті күміс жалатылып томпақтап соғылған. Диаметрі — 34 мм, ілмегі — 5 мм. құрайтын дөңгелек пішінді.
Негізгі бетінде шашыраған сәулелер аясында медаль бетіне шығыңқы етіп «СССР» деген жазба мен лавр бұтағы, орақ пен балғаның бедерлі өрнектері түсірілген. Медальдің төменгі жағында лентаның контурлық кескіндемесінде «Ветеран труда» деген жазбасы бар.

Келесі бетіндегі шеңберде тұтастай «За долголетний и добросовестный труд» деген төрт қатардан тұратын жазба түсірілген. Медаль жиектері бортикпен (жиектеме) жиектелген.

«Ветеран труда» медалі КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен 1974 жылдың 18 қаңтарында шығарылған. Жоба авторы суретші — С.А.Поманский.

«Ветеран труда» медалімен ауыл шаруашылығында, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салаларда ұзақ та адал еңбектерімен ерекшеленген еңбекшілер марапатталған.
Төсбелгі сол кеудеге тағылған. Медальдің негізгі бөлшегі бесбұрышты тағанымен медаль жиегіндегі шеңбер ілмекпен және біріктіргіш шеңбер сыммен жалғасқан.

Алдыңғы ақпарат

Министр мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеуге арналған кеңес өткізді

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының жүлдесі үшін ЮНЕСКО-ға енген ұлттық ойындардан жарыс өтті