Туризмді дамыту үшін өзара ынтымақтастық келісімдер жасалды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директоры Нұрболат Ахметжанов «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Майнюра Мурзамадиева және Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Туристерге қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Е.Төлебаевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты — туризмді дамыту және келіссөздер жүргізу салаларындағы іс-әрекеттерді үйлестіру, өзара түсіністік негізде өз құзіреті шегінде туризм саласында ұзақ мерзімді және жан-жақты қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ, ішкі туризмді үйлестіруге, туристік имиджді қалыптастыруға бірлесе атсалысу.

Екіжақты келісімдер барысында туристік өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, инвестиция тартуға, туризм саласындағы мамандардың біліктіліктерін арттыруға, тұрақты туризмді дамытуға бағытталған өңірлер мен республикада және шетелдердегі туристік іс-шараларға қатысып, үйлесімділікте жұмыс жасау мәселесі сөз болды.

Туризм саласындағы жас мамандарды даярлау, туристік әлеуетті арттыру және келушілерге тиісті қызмет көрсетуді көздеген жоба мекемелер арасында ортақ мүдде қалыптастырып, мәдени және әлеуметтік дамуды нығайтуға ықпал ете отырып, бәсекеге қабілетті туристік саланы құратындығы күтілуде.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Музейдегі түн» тарихи-танымдық іс-шара өтті

Келесі ақпарат

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ҮШІН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДЕР ЖАСАЛДЫ