Тегеістелген Қарашық тауы


Өз тұрғыластары арасында елге атымен де, білімімен де сыйлы ғұлама Ибраһим шайықтың екі ұлы да білімге сусап өсті, тәңірі бұларға айрықша әулиелік дарытты. Жеті жасқа келгенде-ақ жоғары рухани биіктерге көтерілгеннен кейін Арыстан бабтың тәрбиесінің арқасында шыңдалып, дамуының шарықтау шегіне жеткен кішкентай Ахметтің бірте-бірте даңқы сол атырапқа жайыла бастайды. Онсыз да әкесі шайқы Ибраһим шексіз кереметтерімен, аңыздарымен аты әйгілі адам болатын. Сондықтан жерлестері ерекше құрметтеген бұл мінезі тұйықтау кішкентай баланың ата-тегі тұрғысынан да, тұрмыстық өмір салтымен мәні жағынан да түбі үлкен орын алатынын білетін. Осынау әдеттен тыс кереметін мойындатқан оқиға Ахметтің айбынын бүкіл Түркістанға жайған еді. Сол дәуірде Мәуереннахр мен Түркістанда Ясауи деген бір билеуші билік құрып еді. Қыста Самарқанды қыстап, жазда Түркістанды жайлайтын. Барлық түркі билеушілері сияқты аң десе ішкен асын жерге қоятын бұл падишаһта алты ай жазды Түркістан тауларында аң аулаумен өткізетін. Бірде Қарашық тауында аң ауламаққашықты, сол жолы қасақана таудың ойы-қырының кесірінен ойдағысы болмапты. Саятшылық жайына қалады. Ашуы қанасынасыймаған патша өзі билік жүргізген жерлерде қанша әулие болса, соның бәрін жинап алады да, олардың дұғаларының берекетімен бұл таудытегістеп тастауларын бұйырады. Хан бұйырған соң шара барма, Түркістан әулиелері билеушінің бұл өтінішін амалсыздан қабыл алады. Ихрам киіп (қажылық заманда киілетін киім) үш күн, үш түн бойы осы тауды жойып жіберу үшін Тәңіріге жалбарынып, сиынады. Бірақ, бұл сиынуда, жалбарынуда үміт еткендей болмастан еш нәтиже бермейді. Дал болыпсебебін іздестіреді. «Бұл өңірдегі білгіш, әулиелерден келмегені бар ма?» – деп сұрастырады. Ақырында сол кезде шайқы Ибраһимнің ұлы Қожа Ахметтің әлі кішкентай болғандығы үшін қатыспағаны жеткізіледі. Дереу Сайрамға шақырту жіберіп, ат шаптырады. Бала Ахмет әпкесімен кеңеседі. Әпкесі: «Әкеміздің өсиеті бар еді. Сенің ортаға шығатын уақытыңның келіп-келмегенін білдіретін нәрсе – әкемнің сандығы. Егер оны ашуға құдіретің жетсе бар, бағыңды сынап көр. Сол кезде белгілі болар», – дейді. Бала сандықтың орамын ашады, ішінен қаттаулы дастарханды алады. Сөйтіп ортаға шығатын уақытының жеткеніне көзі жетеді. Дереу әкесінің дастарханын алып, Ясы қаласына сапар шегеді. Барлық әулиелер сол жерде сақадай сай дайын болып тұр екен. Бала Ахмет дастарханындағы бір тілім нанға дем үрлейді. Мұны бәріне бөліп береді. Алланың кереметімен бір үзім нан жиналғандарға түгел жетеді. Әулиелерден және падишаһтың әмірлері мен әскерлерінен жиналған 99000 адам бұл кереметті көргенде Қожа Ахмет Ясауидің ұлылығына еріксіз бас иеді. Қожа Ахмет әкесінің бешпентіне оранып, әке батасының соңын күтіп отырады. Сол кезде кенеттен көк жүзінен жаңбыр селдетіп, жер атаулы судың астында қалады. Шайқылардың жайнамаздары толқын үстінде қайықтай қалқиды. Бәрі айқайлап-шуласып, сасқалақтап құдайға жалбарына бастайды. Сонда барып Қожа Ахмет бешпенттен басын шығарады. Кенеттен дауыл тоқтай қалады да, күн жарқырап шығады. Көпшілік жұрт тау жаққа қараған сәтте Қарашық тауының жым-жылас жоқ боп кеткенін көріп, айран-асыр болады. Қазір ол тау орнында Қарашық елді мекені орналасқан.

Алдыңғы ақпарат

Зеңгі баба мойындауы

Келесі ақпарат

Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп атаның тарихына арналған қолжазба мен құжаттар табылды