• 29 Қыркүйек 2020

Түркиядан келген қонақтар Рамазан айында сауапты іс жасамақ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Түркия Республикасындағы Дін істері басқармасының кеңесшісі Галип Акын және «Turkiye Diyanet Vakfi» қорының өкілдері келді.

Қонақтарды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі, «Қожа Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Мұсабек Ақтамберді күтіп алды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде құран бағыштап, тарихымен танысқан қонақтар сапардың мақсатымен бөлісті.

Сапар барысында түркиялық әріптестер қасиетті Рамазан айында Түркістан қаласындағы тарихи — рухани жерлермен танысып, бабалар рухына тағзым ете отырып «Turkiye Diyanet Vakfi» қоры атынан қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратуды және 1000-ға жуық адамға ауызашар беруді мақсат етуде.

Алдыңғы ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ЕЛШІСІ КЕЛДІ

Келесі ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕ ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ