Түркия журналистері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жайлы деректі фильм дайындауда

Түркия журналистері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жайлы деректі фильм дайындауда.

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің ұйымдастыруымен түркиялық журналистер мен фототілшілер және зиялы қауым өкілдері Түркістанға келіп, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жайлы түсірілім жұмыстарын жүргізді. Ең әуелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде құран бағыштап, бабалар рухына тағзым еткен қаламгерлер тарихшы, археолог, ғалымдармен сұқбаттасып, туристік объектілер жайлы да қызықты деректер жинақтады.

-«Түркістан — түркі халықтарының рухани астанасы. Барша түрік жұрты Түркістан және Қожа Ахмет Ясауиге ерекше бас иіп, құрмет тұтады. Бүгінгі сапарымыздың мақсаты да жаңарған Түркістанды насихаттау және Қожа Ахмет Ясауи жайлы деректі фильм дайындау. Өте қызықты мағлұматтар алдық. Ғалым, тарихшы Марат Тұяқбаев мырзаға ерекше алғысымызды айтамыз, бізді тарих жайлы терең білімімен таң қалдырды»,- дейді түркиялық журналист Сердар ТУНЖЕР.

Алдыңғы ақпарат

Зергерлік өнердің керемет туындыларының бірі — қапсырма

Келесі ақпарат

Атадан балаға мұра болған үш ғасырлық қазан музейге тапсырылды