МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Самарқанда халықаралық музейтану форумы болып өтті

«Мәдени индустрияның креативті және жаңа технологиялары» атты бұл халықаралық форумның ұйымдастырушылары DUALEST француз компаниясы мен Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі. Форумда Өзбекстан, Қазақстан және Қырғыстан елдерінің мамандары бас қосты.
Халықаралық жиында музей-қорық директоры М.Садықбеков сөз алып, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты ескерткіштер және құнды жәдігерлермен форумға қатысушыларды таныстырды.
Франция «DUALEST» S.A.S. «MUSEUM STUDY France+5» компаниясының жобасы Орталық Азия елдерінің барлық мәдени мұрасы мен алуан түрлілігін толық көрсету үшін Орталық Азия мен француз мұражай сарапшыларының күш-жігерін біріктіруге, сондай-ақ өзара заманауи тәжірибе алмасуға бағытталған.
Форум аясында заманауи музей ісін дамытудың түрлі бағыттары мен технологиялық кезеңдері бойынша дөңгелек үстелдер өткізіліп, Самарқанд музейлері мен көне кесенелеріне экскурсия жүргізілді.
Алдыңғы ақпарат

ЫСҚАҚ АТА ҚАЗЫҒҰРТИ

Келесі ақпарат

Түркістандағы алғашқы хан ордасы