САМАРҚАНД САПАРЫ

САМАРҚАНД САПАРЫ
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры М.Садықбеков және бірнеше музей қызметкерлері Өзбекстан Республикасының «Самарқанд» мемлекеттік музей-қорығының директоры С.Мустафокуловтың арнайы шақыртуымен 2022 жылдың 15-17 мамыры күндері іс-сапарда болды. Іс-сапардың басты мақсаты: Әмір Темір заманындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және қорғау, құжаттау жұмыстары, сондай-ақ музей саласында тәжірибе алмасу. Музей қызметкерлері іс-сапар аясында Әмір Темірдің кесенесі, Шахи Зинда кешені, Регистан, «Афросиеб» музейімен танысты. Жұмыс барысында музей тарапынан «Самарқанд» мемлекеттік музей-қорығымен келешекте тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, реставрация жұмыстары бойынша арнайы меморандум түзуге уағдаласты.
Алдыңғы ақпарат

«Сияри нәби»

Келесі ақпарат

«СЫРЛЫ ӘЛЕМГЕ САЯХАТ»