ПРОФЕССОР ТҰРСЫН ХАЗІРЕТӘЛІ АСҚАРАЛЫ АЛПЫС ЖАСҚА ТОЛДЫ

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазіретәлі Тұрсын ағамызды 60 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!

Бұл жылдар сіздің жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезеңіне айналды. Туған елге, тарихы мен болашағына деген сүйіспеншілік арқылы өлшеусіз еңбек сіңіре отырып, парасатты да рухы биік ізбасарларды тәрбиелеу жолында да нағыз ұстаздық қасиетіңізді көрсетіп келесіз.

Сізді асқаралы 60 жасыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз!

Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ арылмасын!

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы

Алдыңғы ақпарат

Еріктілер жылына орай «Қорық-музей аумағындағы тарихи орындарда экскурсия жүргізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өтуде

Келесі ақпарат

«АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ САҒАН – ҚАЗАҚ ЕЛІ» МӘДЕНИ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ