ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР КЕЛДІ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейінің дарынды оқушылары келді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, өскелең ұрпаққа ел тарихын кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған шара аясында Қожа Ахмет Ясауи және онда жерленген хан-сұлтан, билер мен барша игі жақсылар,Түркістан мен тарихы туралы ақпарат беріліп, құран бағышталды.
Оқушылар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Сауран қалашығы және Үкаша ата кесенесімен де танысты.

Алдыңғы ақпарат

Қорық-музейде «Абайтанушы ғалым – Мекемтас Мырзахметов» көрмесі ашылды

Келесі ақпарат

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАМАЛ ҚОРҒАНЫ