Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тудың басы, «Лауха» ХIV ғ.

Кесененің құнды жәдігерлерінің бірі қоладан құйылған биіктігі 96,7 см, салмағы 5 кг болып келетін шашақты тудың басы-лауха. Тудың сабы ағаштан жасалынып, жалпы ұзындығы 8 метрден асады. Лауха ортасында өсімдік тектес оюмен өрнектелген жазулары бар негізі жапырақ формасындағы жалпақ бөліктен және сығылған шарға ұқсас екі белдеуі бар конус тәріздес төменгі бөліктен құралған.

Жапырақ тәріздес бөлігі, «А» беті мәтіні. Қазақ тіліндегі аудармасы:

  1. Бір Алладан басқа Құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін! Йә, Алла!
  2. Алла!
  3. Әбубәкір Сыдық, ̒Омар Фаруқ.
  4. Йә, Алла! Мұхаммед Мұстапаға, Әли әл-Мұртазаға, және Хасан әл-Мүжтабаға, Кербалада шейіт болған Хусайынға, ̒Әли Зайн ал- ̒Абидинге, Мұхаммед әл-Бақырға, Жағыпар-әс Садыққа, Мұса әл-Казымға, ̒Әли әр-Ризаға, Мұхаммед әт-Тақиға, ̒Әли ән-[Нақиға], әл Жауад Хасан әл- ̒Аскариге, Мұхаммед әл-Махдиге игілік бер! Және нәбилердің соңғысы, әрі пайғамбарлардың басшысы, барлық әлемді жаратқан Алланың елшісі, Мұхаммедке игілік болсын!
  5. Мұхаммед, ̒Әли-Алланың берген нығметі.

Жапырақ тәріздес бөлігі, «Б» беті мәтіні. Қазақ тіліндегі аудармасы:

  1. Бір Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның жіберген елшісі. Барлық хәлде Аллаға мадақ!
  2. Алла!
  3. ̒Осман ̒Аффан. ̒Әли әл-Мұртаза.
  4. …Бұл әлемдегі шайхтардың басшысы, Хазрат Хақтың [Алла Тағаланың] досы, ̒Алауи [Әзірет Әліден тараған ұрпақ], Шайх Ахмет Ясауидің ханақасының туы.
  5. Мұхаммед, ̒Әли Алланың берген нығметі!

 

Конус тәріздес ту лаухасының негізіндегі жазу

Құрметті сұлтан, патша, ғалым, сөзіне ісі сай, әділетті

Алдыңғы ақпарат

Данияр Садуақасов — Қылует жерасты мешіті

Келесі ақпарат

КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ІСТЕР АУҚЫМДЫ