• 29 Қыркүйек 2020

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА ІС-ШАРА ӨТТІ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мультимедиялық бөлмесінде «Мен таңдаған мамандық» атты ерекше форматта іс-шара өтті.

Аталған шараға арнайы шақырылған түрлі мамандық иелерімен қатар музейге келген зияратшылар да қатысып, әрқайсысы өз мамандығы және қоғамдағы маңызы жайлы әңгімеледі.

Мамандықты сүю, қоғамға қалтқысыз еңбек етуге бағытталған тәрбиелік маңызы зор жиынға студент жастар да қатысып таңдаған салаларына қатысты алдағы мақсаттарымен бөлісті.

Басқосу аясында арнайы конкурс ұйымдастырылып, қатысушылар 30 секунд ішінде өз мамандығының қыр — сырын жеткізді. Сондай-ақ, шараға белсенділікпен атсалысқан қатысушыларға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспа өнімдері сыйға берілді.

Алдыңғы ақпарат

Біріккен Араб Әмірлігінен келген қоғам қайраткерлері «Әзірет Сұлтан» қорық-музейімен танысты

Келесі ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛУШІЛЕРГЕ ТЕГІН ҚАРБЫЗ ТАРАТЫЛДЫ