• 27 Сентябрь 2022

Қошқар бейнелі шырағдан, ХVІІ-ХVІІІ ғғ.

Ескі Түркістан, Тоған қазбасынан табылған. Қалпына келтіру нәтижесі бойынша биіктігі-20 см, ұзындығы-21см, ені-8 см. Шырағданда қошқардың мүйізді басы, тұлғасы бейнеленген. Шырағданның маңлайында май құятын ойық, арқа тұсында үш дөңгелек мұржа қазаншадан шығарылған, бұл мұржалардың ұшында үш жайпақ табақша орнатылып, ортасынан білтелер шығып тұрған. Сыртын әрлеуде ақ, көк, қоңыр бояулар қолданылған. Шырағданның сыртына көк түсті шыңылтырмен дөңгелек шимай түрінде шеңберлі өрнек үш орама ретінде түсірілген. Ең негізгі өрнектер қара қоңыр бояумен түсірілген. Шырағдандағы бұл ою-өрнектер көк жүзі, күн, ай, жұлдыз, дөңгелек кеңістік сипатын біріктіреді. Қошқар бейнелі шырағданды жасаған шебер сол кездегі өзінің өмір сүрген ортасының әлеуметтік–экономикалық жағдайы, талғамы мен қалыптасқан әдет–ғұрып, салт-дәстүр негізіне сүйенген   деуге болады.

Алдыңғы ақпарат

Өзбекстандық кино мамандары Қожа Ахмет Ясауи жайлы фильм түсіруде

Келесі ақпарат

Гемма