Оқушылар «Елім менің жүрегім – тілім менің тірегім» фото көрмесін тамашалады

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінде «Елім менің жүрегім – тілім менің тірегім» фото көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай қорық-музей қорындағы тілге қатысты суреттер мен кітаптарды оқушыларға таныстыру, патриоттық сезімді ояту болып табылады.

Шара барысында қорық-музейдің ғылыми қызметкерлері Талғат Оразов пен Жалишова Индира тіл тақырыбы аясында баяндама оқып, оқушылармен пікір алмасты.

Алдыңғы ақпарат

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өседі

Келесі ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы және «Диуани хикмет» жинағы