Нұр-Сұлтанда ҚР Мәдениет және спорт министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті

20 маусым, 2019. Бүгін «Қазмедиа орталығының» киноконцерттік залында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Қазақстан тұрғындары  мәдениет, өнер, спорт, тілдердің дамуы, және туризм саласындағы өздерін қызықтыратын сұрақтарына министрден тікелей жауап алды. 

Сұрақтарды кездесуге келген қалың жұрт қана емес, еліміздің барлық аймақтарының тұрғындары да сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Өзге облыстардың өкілдері үшін Министрліктің ресми сайтында сұрақ қою функциясы бар арнайы бөлім ашылды. Аталмыш айдарда қазақстандықтар іс-шарадан тікелей қосылымды қарап, кездесудің Call-орталығымен байланыс туралы ақпарат та осы бөлімде орналастырылған болатын.

Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова Министрліктің есеп беру кезіндегі қызметі туралы баяндап, құзырындағы салаларда атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік органның болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

Ведомство басшысы баяндамасының басты тақырыптары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, мемлекеттік құжаттарда көзделген мақсат-міндеттерді орындау үрдісінің өзекті мәселелерін қамтыды.

Еске салып кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрінің халық алдында есеп беру кездесуі Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығы шеңберінде ұйымдастырылды. Жарлыққа сәйкес,  орталық атқарушы органдардың басшылары жыл сайын жылдың екінші ширегінде қоғам өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізу көзделген. Кездесу барысында аймақтармен бейнеконференц байланыс қамтамасыз етіліп, жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізу және сәйкес салаларды дамыту аясындағы міндеттер туралы ақпарат беріледі.

Алдыңғы ақпарат

Нұр-сұлтан қаласында «Киелі Түркістан» көрмесі ашылды

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі Арыс қаласына бір күндік жалақыларын аударады