МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде арнайы жиын өтті.
Басқосу барысында қорық-музейдің директоры Нұрболат Ахметжанов мекеме қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.
-«Баршаңызды ең ұлы мереке — Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елімізден тыныштық, отбасыларыңыздан бақыт кетпесін.
Әрбіріңіздің еңбектеріңіз — еліміздің дамуы, өсіп-өркендеуі үшін қосылып жатқан үлес. Арамызда отырған Марат Тұяқбаев ағамыздың әрбір ісі мен атқарған жемісті еңбегі — барлық қызметкерлерге үлгі, тәрбие мектебі. Түркістан тарихын зерттеп, зерделеу жолында өлшеусіз үлес қосқан Марат Қымызұлына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен берілген «Ерен еңбегі үшін» медалі лайықты бағалау, шынайы құрмет деп білеміз және ұжым атынан құттықтаймыз»,-деді Н.Қадырұлы.
Жиын аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің инженері Асан Мирзабеков, жүргізуші Аблахан Уразбаев және экскурсовод Әсем Орынбекова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, ғылыми қызметкер Динара Арыноваға ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы, Қызмет көрсету және эксплуатация бөлімінің басшысы Нұрлан Зейдулла мен реставратор Нұржан Таджибаев, музей қараушы Сембек Аянбаевқа министрдің алғыс хаты табысталды.
Қорық-музей директорының орынбасары Бақытжан Нұрханов пен ТМЕҚ бөлім басшысы Асылхан Кәрім және қорықшы Роллан Азизбеков, музей қараушы Серікбай Абдрахманов облыс әкімі Ө.Шөкеевтің алғыс хатымен, музей қараушы Самат Керимов, билет кассирі Роза Изтилеуова, сыпырушы Мария Бейсенбекова, жұмысшы Абдулаходжан Султанов қала әкімі Рашид Аюповтың алғыс хатымен марапатталды.
Ғылыми қызметкер Сұлтан Байсеит пен музей қараушы Дінмұхамед Кадирсизов, жұмысшы Аширбек Тойкараев, сыпырушы Бибігүл Набиеваға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжановтың алғыс хаты берілді.
Іс-шара барысында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, археолог Марат Тұяқбаев барша әріптестердің ыстық ықыласы мен құттықтауларына алғыс білдіріп, әрбір еңбек ескерусіз қалмайтынын және адам баласын қолынан келетін кәсібі ғана шыңға шығаратынын айтты.
Алдыңғы ақпарат

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ

Келесі ақпарат

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды