Менің Отаным – Қазақстан

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы бүгін, 19 қазанда Түркістан қаласындағы №2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында фото, кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрме экспозциясына 30-дан астам фотосуреттер мен тәуелсіздік, киелі-тарихи орындар, салт-дәстүрлерге қатысты кітаптар және Егемендік туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен қабылданған құжаттар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені №2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің 8,9,10 сынып оқушылары, ұстаздары тамашалап, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
Көрмені ұйымдастырушылар Мемлекеттік егемендік туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен қабылданғандығын, онда ҚазКСР егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілгендігін тілге тиек етті. Көрме соңында ұйымдастырушылар мектеп кітапханасына музей-қорықтың шығарған баспа өнімдерін сыйға тартты.
«Менің Отаным — Қазақстан» көрмесі қаладағы басқа да мектептерде жалғасын табады.
Алдыңғы ақпарат

Меморандумға қол қойылды

Келесі ақпарат

Әлихан Смайылов Қожа Ахмет Ясауи бабамызға зиярат етті