• 28 Қыркүйек 2020

МАМАН СҰЛТАН БАРАҚ ХАН ҰЛЫ

Оңтүстік Қазақстан мен Сыр өңіріндегі Иқан, Сауран, Отырар, Түркістан, Өгізтау, Созақ қалаларына билік жүргізген Тұрсын ханның баласы Барақ ханның ұлы. Ғалым И. Ерофееваның «Казахские ханы и ханские династии в XVIII – середине XIX вв.», «Символы Казахской государственности», А., 2001 ж. кітабында Барақ ханның ұлы екені айтылады. М. Қожа, Х. Тұрсұнның жауапты редакторлығымен шыққан Қазақ хандары. Энциклопедиялық анықтамалық жинақта «Барақ хан мен ұлдарының уланып қаза табуының тағы бір жорамалы ол Әбілқайырдың балаларының қатысуымен болған деседі» деген дерек келтіріледі. (Қазақ хандары, 2015: 84–85). Бұл оқиға 1750 жылы болғаны және Маман сұлтанның да осы әкесімен бірге қаза тапқаны және әкесінің жанына жерленген болуы мүмкін.

Алдыңғы ақпарат

БАЙТЕМІР СҰЛТАН

Келесі ақпарат

СҰЛТАН МАХМҰД ТӨРЕ