МҰХАММЕД ДАНЫШПАН ЗЕРНУКИ

«Сопы Данышпан» атты шағын төбешік Арыстанбаб кесенесі мен
Отырартөбе арасында, тас жолдың күншығыс жиегіне жақын тұр.
Бұл жер Сопы Данышпанның жерленген орны деп аталады.
Деректерде (Суфи Мұхаммед Данышманд) Қожа Ахмет Иасауидің белгілі
шәкірттерінің бірі әрі ағасының баласы делінеді. Сафи ад-дин Орын Қойлақының «Насабнама» атты шежіресінде: «…Суфи Мухаммед ДанышмандҚожа Ахмад Ясауиның хизматларында 40 йыл хилуат қылды. Андан кейін шайх Ахмед бабам Суфи Мухаммад Данышманд атама ижазат берді: «Барғыл, Отрарда суфра туткил»,- деп айтады. Суфи Мухаммед Данышманд Отрарда 40 йыл суфра тутди», менің ұлы бабам Әзірет Сұлтан інісі менің атам Данышпан Қожаға: – Әй, Данышпан 40 жыл менің дәрет суымды жылытып, менімен бірге қартаятын болдың ғой. Сен Отырарға барып өз мектебіңді аш, суфра тұт деді, сөйтіп 300 қызыл алтынға жер
сатып әперді делінген [Сафи ад-дин Орын Қойлақы насабнамасында 1992. 29-б.]
Яғни, ХІІ ғ. аяғында Сопы Данышпан Отырар қаласында сопылардың көшбасшысы болған. Моңғол әскері келгенде ол өзі туған қаласына арашашы болып, өз еркімен қақпа есігін ашуға көндіріп, тұрғындарын аман алып қалған. Шыңғыс хан Құтты балық қаласы атап Данышпанға Зернуқи есімін қосқан. «Насабнама» нұсқаларында Сопы Данышпанның 93 жыл өмір сүргені жазылады [Жандарбек, 2002. 136-б.].
Садыр Шайықтың ұлы Данышпан кереметімен дінге сенбейтін кәпірлермен
соғысқа Маңғыстауға тауға мініп барған. Қазір ол жерде Данышпан тауы тұр.
Сопы Данышпан соңына Қожа Ахмет Ясауидің айтқандарын жинақтап қағазға түсіріп, «Көңілдің айнасы» (мират-ул кулуб) атты рисала қалдырды. Осы еңбектің бір нұсқасы Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақталуы тұр. Ол Түркияда қазіргі қазақ тіліне аударылып басылған [Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи, 2000].
Алдыңғы ақпарат

Нумизматикалық жәдігер «Буффало»

Келесі ақпарат

Әзірет Сұлтанның туысы – Нұх шайық