МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА АРНАЙЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Мәдениет және спорт вице — министрі Нұрғиса Дауешов Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді.

Вице-министр облыс орталығына жасаған сапары барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі үлкен Ақсарай бөлмесін музейлендіру, Құдықхана және жерасты Қылуетін қайта жаңарту, ортағасырлық Күлтөбе қалажұртындағы археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, қорық-музей кеңсесін басқа ғимаратқа көшіру мәселесі бойынша жергілікті әкімдік өкілдерімен келісімдер жүргізді.

Алдыңғы ақпарат

Музей қорындағы «Альфикх-уль Акбар» кітабы — аса маңызды құндылықтардың бірі

Келесі ақпарат

Қала мектептерінде «Қайта оралған жәдігер» көрмесі жалғасын табуда