Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Семей өңірінің мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін марапаттады

Бүгін мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Семей қаласында саланың дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапаттады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болғандардың қатарында:

  1. «ШҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысының орынбасары – Раушан Нұрмұханова;
  2. «ШҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Ертіс концерт» КМҚК көркемдік жетекшісі – Ольга Штрауб;
  3. «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК «Бибігүл» халық аспаптары оркестрінің бас дирижері – Нұрлан Төкей;
  4. «Абай аудандық Мәдениет үйі» КМҚК музыка жетекшісі – Дамир Бекмұханбетов;
  5. «ШҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Ертіс концерт» КМҚК жеке орындаушысы – Әділ Тұрғанбаев бар.

Ал, Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен»:

  1. Абай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚК музыка жетекшісі – Дамир Бекмұханбетов;
  2. ШҚО, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Абай атындағы театры» КМҚК әртістері – Азамат Нұрғамыс пен Александр Сухов;
  3. ШҚО, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С.Пушкин атындағы ШҚО, кітапханасы» КМҚК сектор жетекшісі – Бахтылы Рахимбаева;
  4. ШҚО, Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов кенті Ұлан аудандық мәдениет үйі «Бескөл» фольклорлық ансамблінің әншісі – Амангелді Смағұловтар марапатталды.

Сонымен қатар, вице-министр ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың алғыс хатын да табыстады. Марапатталғандардың қатарында:

  1. ШҚО, Абай атындағы әмбебап кітапханасының бөлім басшысы – Гүлнара Байкенова;
  2. ШҚО, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Семей қаласы облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Семей» аймағының тарихи» бөлімінің меңгерушісі Ләззат Әлжан;
  3. ШҚО, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Абай атындағы театры» КМҚК әртісі – Елена Ермолаева;
  4. ШҚО, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан өнер музейі» КМҚК маманы – Лариса Мартынова;
  5. «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК «Бибігүл» халық аспаптары оркестрінің бас домбыра аспапшысы – Жүсіпбек Байжомарт бар.
Алдыңғы ақпарат

«Үлкен Ақсарай» бөлмесіне онлайн-экскурсия жүргізілді (видео)

Келесі ақпарат

Әсем Орынбекова — «Үлкен Ақсарай» бөлмесіне онлайн экскурсия