МҮБӘРӘК ШАХ СҰЛТАН КЕЛДІ МҰХАММЕД ҰЛЫ (…-1519ж.)

Мүбәрәк шах сұлтан Келді Мұхаммедұлының құлпытасы «Əзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорында №913 нөмерімен сақталған. Құлпытастағы жазуды А.Дербісәлиев 1978–1980 жылдары араб тілінен аударған. Құлпытаста «Бұл құлпытас Келді Мұхаммедұлы Мүбәрәк шах сұлтандікі. Сұлтан, Хан  Әбілхайыр ұлы Сүйініш Қожа ханның ұлы. Ол ұлы игілікке ие болды. 925 хижра жылында қайтыс болды» – яғни, (1519 ж.) деген жазулар сақталған.

Алдыңғы ақпарат

КЕЛДІ МҰХАММЕД СҰЛТАН СҮЙІНІШҚОЖА ХАН ҰЛЫ

Келесі ақпарат

ҚҰЛ МҰХАММЕД СҰЛТАН КЕЛДІ МҰХАММЕД ҰЛЫ (…–1524 ж.)