• 30 Қыркүйек 2020

«Ұлы даланың зергерлік мұралары» тақырыбында көрме-лекция өтті

30 қаңтар күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері «Халықаралық зергерлер күні» мерекесіне орай Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінде «Ұлы даланың зергерлік мұралары» тақырыбында көрме – лекция ұйымдастырды. Көрме-лекцияда қорық-музей қорындаға ХІХ ғасырға тән зергерлік бұйымдар мен фотосуреттер қойылды. Халқымыздың зергерлік өнерінің қыр-сыры мен тарихы, дамуы жайында дәріс оқылып, музей жәдігерлері туралы кең көлемді түсінік берілді.

Ұйымдастырылған іс-шараға мектептің педагогтар ұжымы мен оқушылары да белсене қатысты.

Алдыңғы ақпарат

«АБАЙ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Келесі ақпарат

«Ұлы дала елінің заңғаы — Абай ақын» тақырыбында лекция және кітап фото көрмесін өтті