ҰЛЫ АБАЙ ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 10 тамыз – Абай күні мерекесіне орай Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талдысу жазғы демалыс лагерінде «Абай — дара қазақта» тақырыбында көшпелі көрме, мәдени-көпшілік шара ұйымдастырды. Мәдени шараға 300-ден аса оқушылар мен тәрбиешілер қатысты.
Көрме экспозициясына Абайдың өмірінен сыр шертетін бірегей фотосуреттер, кітапхана қорынан Абай мұрасына қатысты кітаптар, қордағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқы тұтынған этнографиялық жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме аясында оқушылар Абай әндерін орындап, өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. Ұйымдастырушылар үздік оқушылар мен тәрбиешілерге музей директорының алғыс хаттары мен баспа өнімдерін сыйға тартты.
«Талдысу» жазғы демалыс лагерінің әкімшілігі музей-қорық басшылығына алғысын жеткізіп, алдағы уақытта осындай мәні мен маңызы бар шараларды бірлесіп өткізуге ұсыныс білдірді.
Алдыңғы ақпарат

ҒАР ЖӘНЕ ҚЫЛУЕТХАНА

Келесі ақпарат

Сауран медресесі