ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА ЖӘНЕ ЕЛОРДА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығы 2023 жылдың 5 шілде күні Ұлттық домбыра және Астана күні мерекесіне орай Түркістан облыстық адами әлеуетті дамтыу басқармасы «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» мекемесіне қарасты «Балауса» жазғы демалыс сауықтыру лагерінде «Қазақтың асыл қазынасы», «Еңселі Елордам» тақырыбында көшпелі көрме, мәдени-көпшілік шара ұйымдастырды. Көрме экспозициясына музей қорынан этнографиялық жәдігерлер, домбыраның шығу тарихына қатысты мәліметтер, еңселі Елорданың көрікті жерлерінің фотосуреттері оқушылар назарына ұсынылды. Ал, «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары домбыра күніне орай қазақтың күмбірілген күйлерін, халық әндерін және Елордамыз Астана күніне орай жазба ақындардың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Шараға белсене қатысқан оқушыларға музей-қорықтың баспа өнімдері сыйға берілді. Шара соңында «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің әкімшілігі музей-қорыққа алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да бірлесе мәдени шараларды өткізуге шақырды.

Алдыңғы ақпарат

ШАШТЫҒҰЛ БИ (XVIІI-ХІХ ғғ.)

Келесі ақпарат

Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт вице- министрі қызметіне тағайындалды