Құлбек Ергөбек Сәрсенұлына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек Сәрсенұлына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.

Құлбек Сәрсенұлы қазақ поэзиясы, прозасы, жеке шығарманың жазылу тарихы, жазушы шеберханасы мәселелеріне арналған «Жан жылуы», «Мейірім шуағы», «Қазақ совет балалар жазушылары», «Сәбит Мұқанов», «Баянғұмыр», «Жақсыдан қалған сөз», «Өтебай Тұрманжанов», «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» секілді оқулық, сын-зерттеу еңбектерінің, «Адасқандар ақиқаты», «Сібір сабақтары» деректі повестерінің авторы.

«XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» оқу құралын, «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Шынашақ», «Қазақ совет балалар жазушылары», «Сылдырап өңкей келісім» секілді тақырыптық, антологиялық кітаптарды, Б.Кенжебайүлының5 томдық, Ә.Тәжібаевтың 3 томдық таңдамалы шығармалар жинағын құрастырған. Орыс ертегілерін, Молдаван жазушылары шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Ғалым-сыншының «Арыстар мен Ағыстар» деп аталатын алты томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Шығармалары орыс, түрік, өзбек, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылып басылған.

#bizbirgemiz #onlinedabol #Turkistan #uidebol #тарих

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі және оның қорғалу жағдайы (видео)

Келесі ақпарат

Қ.Ергөбек — Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі және оның қорғалу жағдайы