Жаңалықтар

4 наурыз күні «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндері барша адамзаттың көңілін жадырата келген 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен ұжымдағы барша ардақты аналарымыз бен құрметті апайларымызды және қыз-келіншектер мен аяулы қарындастарды құттықтады.

1 – наурыз күні Нұр Отан партиясының Түркістан қалалық сайлау алды үгіт насихат жұмыстарын жүргізуші штаб өкілдері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын жүргізген бас редактор Ә.Манапов келген қонақтарды қысқаша таныстырып өтті. Партияның тұғырнамасына тоқталған штаб төрағасы Жанболат Амангелдіұлы ұжым мүшелерін жиынмен тұспа тұс келген алғыс айту күні мерекесімен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

Түркістан қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Р.Т.Ердоған ашқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы орталық мешіті жанынан биыл кітапхана ашылған болатын. Оқырман ордасына «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы үстіміздегі жылдың 19 ақпан қасиетті Жұма күні мұражайдың шығарған 60-қа тарта кітап өнімдерін сый ретінде қала имамы Омар қажы Елеуұлына табыстады. Мешіт ұжымы қорық-мұражай басшысы Жандос Мағазбекұлына зор ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне байланысты қаламызда 25 қаңтар күні мұражайымыздың қызметкері К.Әсетова «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің эпиграфикасы» тақырыбында №17 Ататүрік атындағы орта мектебінің 9 «А» сыныбына лекция өткізіп қайтты.

2016 жылдың 25 ақпанында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ХІХ ғасырдың ескерткіші Жұма мешітінің экспозициясы қайта жабдықталып қойылды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 25 ақпан күні «Алғыспенен ел көгерер» тақырыбында елге сыйлы ардагерлермен кездесу болып өтті. Шараға өзге ұлт өкілдері, ардагерлер келіп алғыстарын ақтарды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып белгіленгені баршамызға аян. Мақсат ардагерлерге құрмет көрсету, жинаған тәжірибесімен бөлісіп, мұражай мамандарының бойына еңбек ету арқылы абыройға жетуге болатындығын паш ету болды.

24 ақпан күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарих-мәдени қорық-мұражайында «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың қайтыс болғанына 850 жыл толуына және Елбасы жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Мақсат мұражай мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту. Шара мұражай директоры құттықтау сөзімен ашылды.

Беттер