Жаңалықтар

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

Басқосуда музей басшысы Нұрболат Ахметжанов Жолдауда көрсетілген ел дамуының басым бағыттары мен міндеттеріне тоқталды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері Түркістан қаласындағы №3 жалпы орта мектебінде «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты музей қорындағы тарихи жәдігерлер» тақырыбында лекция оқыды.

Аталған шара «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерекесі және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы негізінде ұйымдастырылды.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты арнаған Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысының Жолдауын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы тікелей эфирден тамашалады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мен пайдалану жүйесінің жай-күйі мен дамуы» атты жиын өтті.

Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді.

Мемлекет басшысына Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды.

Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи және айтулы орындарды аралап көре алады. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мәдениет саласының майталманы, әуесқой археолог, Сыр бойында орналасқан тарихи қалалар мен қоныстарды зерттеп, ғылым әлеміне алтын әріппен қосылуына өзіндік үлес қосқан мәдениет жаршысы, ұлттық өнерді ұлықтаушы, ұлағатты ұстаз, сұрапыл соғыстың ардагері Адасқан Алтаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Музей жанашыры – Адасқан Алтаев» көрмесінің ашылу салтанаты

Түркістан қаласында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында дəстүрлі XXII «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы өтті.

Беттер