Жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «Алаштың бақ ордасы – Астана» тақырыбында мерекелік шара өтті. Атаулы шара Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Шараға қаламыздың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты. 

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директор орынбасары Үркімбаев Серік Жұманұлы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен "Астана 20 жыл" мерекелік медалімен наградталды.
Еңбегіңіз жемісті болсын!

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 20 маусымдағы Жарлығымен "Астана 20 жыл" мерекелік медалімен наградталды.
Еңбегіңізге толағай табыс, жеміс тілейміз, Нұрболат Қадырұлы!

Бүгін Түркістан облысының орталығында Қ.А.Ясауи кесенесінің алдында «Ұлттық домбыра күні» мерекесінде 1000 домбырашы Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», Түркештің «Көңілашар» күйлерін орындады. Бұдан бөлек, барлық аудан, қалаларда бір мезгілде домбырашылардың флешмобы ұйымдастырылды. Осылайша жалпы саны 3 мыңнан астам домбырашы ұлттық өнерді дәріптеді.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Киелі Түркістан» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 
Көрме Елордамыз - Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты - киелі Түркістан мен Солтүстік Қазақстан өңірінің арасында рухани, мəдени жəне музейаралық қарым-қатынысты одан əрі дамытуға бағытталған.

«Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой», - деп жырлаған ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл -125 жыл.
Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде белгілі қайраткер, ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Жырыменен Түркістанды тербеткен» атты фото-кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Шараға Түркістан қаласының тұрғындары, студенттер мен оқушылар және музей қызметкерлері қатысты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ұлы Дала шежіресі –домбыра» атты лекция – концерт өтті.

Шараға елімізге белгілі айтыскер ақындар мен домбырашы өнерпаздар, ұлттық-мәдени орталық жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Беттер