Кіші Ақсарай

Кіші Ақсарай – қабырғаларындағы шұңғыл ойықтарының әсерінен созылыңқы болып көрінетін бөлме. Кесене қазақ хандарының резиденциясы қызметін атқарған шағында бұл бөлме күту залы іспеттес бөлме қызметін атқарған.Екінші қабаттағы ойықтар арқылы іргелес дәліздерге шығуға болады. Бөлмесі кішігірім алтықырлы күмбезбен жабылған. Жарық жоғарыдағы жалғыз терезеден түседі. Панелге деп орын қалдырылған қабырғалары әшекейленбеген. 1999 жылдың Маусым айының 3 жұлдызында осы Кіші Ақсарай бөлмесіне үш жүзден астам бейіттер қайта жерленді. Қазіргі таңда бұл бөлмеде қазақ халқының ел билеген хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары, игі жақсылары мәңгілік тыныс тапқан.

Қожа Ахмет Ясауидің жаңа кесенесі және оның айналасына дүниеден өткен көрнекті тұлғаларды жерлеу тәртібі бекіді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде, Қазандық залында қазақ ханы Жәнібектің қызы Аманбике ханымның құлпытасы тұрған (қазір Кіші Ақсарай бөлмесінде тұр). Оның бетінде мынадай жазу бар: «Бұл зираттың иесі, (күнәсі) кешірілген, (Алла Тағаланың ) рақымы түскен, мінез-құлқы таза Аман бике ханым Барақұлы Жәнібектің қызы. Ол 925 жылдың раджаб айында\1519 жылдың маусым-шілде айы дүниеден қайтты». Бұл жазу мұнда Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібектің (1469-1474) қызы жатқанын білдіреді.

Алдыңғы ақпарат

Құдықхана

Келесі ақпарат

Үлкен Ақсарай