МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Кісе белдік

Зергерлік бұйымдар мен қатар сәндеу өнері көп жасалатын заттардың бірі ер кісілерге арналған белдіктер. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында жасалған белдіктер турасында сөз қозғар болсақ, мұражай қорында осы кезеңді қамтитын белдіктің бірнеше түрі сақталған. Соның бірі кісе белдік-ӘСММ, КК №135, ЭБ/мт-154, өлшемі: 144х5, материалы: былғары, металл. Кісе белдіктерді негізінен жылқының не сиырдың бірнеше қабат терісінен жасайтын болған. Бұл белбеудің кісе белбеуге тән бөлшектері түгел емес. Архардың бейнесі мен дөңгелек жапсырмалар қазақ белбеулеріне тән ортақ белгі металмен өрнектеліп, әшекейлер өзара үйлесім тапқан. Өте ерте замандарда да, кейінгі қазақтарда да кісе белдіктерді әшекейлеуге көп көңіл бөлген. Ел құрметтейтін абыройлы адамдардың белдігі таналармен көбірек әдіптелген. Оның әшекейі, салпыншақтарының саны әртүрлі дәрежені белгілеген. Тіпті белбеуіне қарап адамдардың әл-ауқатын ғана емес, қай жақтың қазағы екенін де аңғаруға болатын болған. Белбеу сол белбеу иесінің әлеуметтік жағдайын айқындауға мүмкіндік берген.

Кісе белбеуге түркі-қыпшақ замандарында садақ, қылыш т.б. қарулардың қабы тағылатын. Бұған дәлел көне кіселердің қалдықтары, олардың әшекейлері қазба жұмыстары барысында көптеп табылуы. Уақыттың өтіп, қазақтың тұрмысындағы өзгерістің болуы салихалы қарттарға, сапарда жүретін батырларға тән /кісенің/ кісе белбеудің де өзгеріске ұшырауына мүмкіндік берді. ХVIII-ХIХ ғасырлардағы  авторлардың жазған деректерінде қазақтың ер адамдары буынған белбеулері малшының да, жауынгердің де, аңшының да, киімінің міндетті түрде болатын бір бөлшегіне айналды. Ш.Уалихановтың еңбегінде де белбеуді барлық қазақтардың буынып жүргені туралы мәліметтер бар. Кісе белбеу туралы екі түрлі көзқарас қалыптасып отыр. Жалпы тұжырым жасаған кезде екі түрлі көзқарасқа эволюциялық даму негіздеріне сүйене отырып қарар болсақ  екеуінде де мәнді пікірлердің барына көз жеткізуге болады. Яғни алғашқы кезеңде жорықтарда, жауынгершілікте кең қолданылған белбеу, сонымен бірге қоғамдық әлеуметтік топтарды саралау белгісі де болған. Кейінгі кезеңдерде өмірдің өзгеруі басқа да өзгешеліктер кісенің атқаратын ролін де өзгерткен.

Ал қазіргі кезде кісе белбеу тек музейлерден ғана көріп тамашалайтын сәндік әшекей бұйымдарының бірі болып жәдігерге айналды.

Алдыңғы ақпарат

АРҒЫН, ҚАРАУЫЛ ДҮЙСЕН БИ ЕСЕНБЕРЛІҰЛЫ

Келесі ақпарат

Мөлдір Әбдуәлиева мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі – баспасөз қызметінің жетекшісі қызметіне тағайындалды