КЕЛІ МЕН КЕЛСАП. б.з.д. Х-VІІІ ғғ.

Стеатит тасынан жасалған. (лат. steatus – «сабын» тас (қолға жұмсақ, майлы минерал, грек stear, steatos —»майлы»тас ) деген мағана береді. Стеатит тастары сұр, қоңыр, жасыл және өте сирек жағдайда қызыл немесе шие түстес түрлері кездеседі. Келінің пішіні тостаған тәрізденіп ортасы қашалып, ойлып жасалынған. Өлшемі: һ-8 см. d ерн.-13 см. келсабы Һ-16 см. d-ерн — 4,5 см. Келі келсап негізінен руда түрлерін майдалау үшін пайдаланылған. Келі мен келсап қола дәуірінің соңына жататын қоныстан табылған. Ғылымда бұл кезең (б.з.д. Х-VІІІ ғғ.) «Финалдық қола дәуірі» (Финальная бронза) деп те аталады. 1960-шы жылдары табылған келі мен келсап бұған дейін мұндай толық түрінде ешбір жерде кездеспеген. Тап осындай келсап Ақтөбе (Солтүстік батыс Қазақстан) Қостанай облысы өлкесіндегі Алексеевский қорымынан табылған, ол да қола дәуріне жатады. Келесі осыған ұқсас түрі Шу өлкесіндегі Жайылма тұрағынан табылған, бірақ ернеуі мен түбінің диаметрі бірдей. Түркістан қаласының тұрғыны Сәкен Қошқаров 1960-шы жылдары табылған затты музей қорына 2011 жылы өткізген.

Келі мен келсап Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, «Арпаөзен» шатқалынан табылған. Шатқал Шолаққорған селосынан оңт. батысқа қарай 30-40 км. жерде орналасқан.

Алдыңғы ақпарат

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КІТАПХАНА БӨЛМЕСІ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР

Келесі ақпарат

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді.