КАРАНТИНДЕ ЕҢБЕК ЕТКЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай еңбекте оза шапқан бірқатар қызметкерлерге арнайы марапаттар табыс етті.

Қашан да тарихтың өзін, көненің көзін шежіреше насихаттап еңбек етуімен қатар, әлемді алаңдатқан пандемияға байланысты жарияланған карантин кезінде де аянбай үлестерін қосқан т.ғ.д профессор Мұхтар Қожа мен қорықшы Шалапов Музаппарханға Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы, археолог, т.ғ.к Тұяқбаев Марат Қымызұлы мен экскурсовод Жүзбаева Гауһарға алғыс хаты берілді.

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің алғыс хатымен экскурсия және насихат бөлімінің басшысы Таңатаров Нұрлан, ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы Байболов Берік, қор сақтау бөлімінің басшысы Әшірбекова Нұржамал, кітапхана қызметкері Көпеева Меруерт, ескерткіштерді қорғау инспекторы Салходжаев Сәлімжан, референт Шораева Перизат марапатталды.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың алғыс хаты қорық-музей директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Мұрат Тастанбековке, қор сақтаушы Толқын Жолдасовқа, экскурсовод Салтанат Ералиеваға, ғылыми қызметкер Сәкен Шәметовке, қорықшы Серік Байболовқа, жұмысшы Шермухаммад Халтаевқа табысталды.

Қорық-музей басшысы Нұрболат Қадырұлы тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау және жаңғырту мақсатында өлшеусіз еңбек етіп жүрген сала мамандарына алғысын айтып, алдағы істеріне сәттіліктер тіледі.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

#bizbirgemiz #onlinedabol #Turkistan #uidebol #тарих

Алдыңғы ақпарат

«Саңлақ Сүгір» атты онлайн-кездесу өтті (видео)

Келесі ақпарат

Әбдікерім Манапов — Саңлақ Сүгір