КӨШКІНШІ ХАН ӘБІЛХАЙЫРҰЛЫ

Көптеген деректерде Рабия Сұлтан Бегім мен Əбілхайыр ханның Көшкінші мен Сүйінішқожа атты екі ұлы болғандығы жазылады. Көшкінші хан 1530 жылға дейін тақта отырады. Анасы Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесін салдырған. Сонымен қатар, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде келтірілген мәліметтерге сүйенсек, Өзбек мемлекетінде билік түрік мемлекеттілік дәстүріне сай жүргізілді. Бұл дегеніміз тақ әкеден балаға емес, билеуші әулеттің ең үлкен өкіліне қалып отырғанын көрсетеді. Шайбани 1495 жылы Тимуридтерден Самарқан, Отырар, Сайрам, Иассы (Түркістанды) тартып алып, Самарқанды астана етіп, Ташкент пен Түркістанға Көшкінші мен Сүйінішқожаны отырғызады. Шайбани 1510 жылы қаза тауып мемлекет билігі Сүйінішқожаның қолына өтті. Алайда, мемлекет басшысы бұл кезде қартайған Көшкінші хан деп есептелді. Ол 1530 жылға дейін таққа отырғанымен 1525 жылы Сүйінішқожа өлген соң-ақ, билік Шайбани ханның жиені Убайдулланың қолында еді. Көшкінші өте жуас, бауырмал, дінге берілген кісі еді, оның сопылық әдебиетпен, тарихпен көп айналысып, Рашид ад-Диннің, Шараф ад-Дин Иездидің еңбектерін тәжікшеден өзбекшеге аудартты. Рабия Сұлтан Бегім кесенесін де Көшкінші салдыртқан деген болжам бар. Осы дәстүрге байланысты Мұхаммед Шайбани қайтыс болғаннан кейін 1510 жылы таққа Әбілхайыр ханның баласы Сүйінішқожа шықты. Алайда Сүйінішқожа хан сол жылы қайтыс болып кеткеннен кейін оның орнына Әбілхайыр ханның баласы Көшкінші таққа отырды. Көшкінші хан Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегімнен туған еді. Көшкінші хан Өзбек мемлекеті тағында 1510 жылдан 1530 жылға дейін отырды. Ол да қайтыс болып, таққа оның баласы Әбу Сайд шықты. 1533 жылы ақырында таққа ұлы тұлғамыз Убайдулла шықты» (Мұхаммед Хайдар Дулати, 2003: 380), – деп жазды. Көшкінші хан қайтыс болған соң Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңына жерленеді.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

 

Алдыңғы ақпарат

16-17 маусым күндері өтетін онлайн — кездесулер жоспары

Келесі ақпарат

Зікірия Жандарбек — Түркістан мен Кавказ түркілері арасындағы байланыс