Күлтөбе қаласы, ІІ-ХІV-ХVІІ-ХІХ ғғ.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Қазақстандағы көне қала орны, ортағасырлық Түркістан қала жұртының шығыс шегінде, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 350м (590.3) жерде. Сопақша келген, биіктігі 9м, аумағы 150х120м ауқымды төбешік болып келеді. Кейінгі заманда ескерткіштің топографиясы қатты өзгеріске ұшыраған. Оның оңтүстік-шығысы мен оңтүстік батысында  құрылыс үшін топырағы қазылған жыралар, қыраттың үстіңгі жағында сопақша және төрткілді көптеген орлар бар, бекініс арқылы жолы өткен. Алайда, сақталып келген топографиялық белгілер «алаңқайлы төбе» үлгісіндегі ескерткіш екенін анықтауға мүмкіндік берді, ол кейінгі ежелгі дәуірден бастап ортағасырлық тарихының соңғы кезеңіне дейін және ХІХ ғасырда да Күлтөбе бекініс қабырғаларымен қоршалған. Күлтөбе ортағасырлық Түркістанның әскери құрылыс жүйесіне жатады. 1994 жылы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша жинағына №590.1 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған.

Алдыңғы ақпарат

Марат Тұяқбаев — Түркістан некропольі, Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар

Келесі ақпарат

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзекті мәселелерге тоқталып қана қоймай, оның шешімдерінің жолын да көрсетуге тырысты