КӨК ТОНДЫ АТА КЕСЕНЕСІ

Аңызға атағы арқау болған Көк тонды ата кесенесі ХІХ ғасырда шикі кірпіштен салынған дәстүрлі сәулеттік құрылыстардың бірі. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Бұл әулиенің кесенесі Түркістаннан 7 шақырым қашықтықта Шобанақ ауылының оңтүстігіндегі биіктеу төбеде, ескі қорымда орналасқан. Қорымды жергілікті халық «Көктонды ата әулие қорымы» деп атайды.
Бұл күмбезделінген мұнаралы құрылыс. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән, сәулеттік шешіммен тұрғызылған. Бас фасады қос мұнарасы бар порталдан тұрады. Мұнараларының ішінде шатырға көтерілетін айналмалы баспалдақтар орналасқан. Кесененің жалпы көлемі 10 х 12 метр.
Кірер есігі алдында оң мен солға жүретін бір метрлік кіші дәліз бар. Оң дәлізбен жүріп айналмалы баспалдақ арқылы төбеге шығады, сол қанаттағы дәліз арқылы 4 х 3 метрлік бөлмеге, одан 6 х 3 метрлік шілдехана бөлмесіне өтеді. Бөлменің ортасына 1 метрлік темір торлы терезе қойылған. Терезе арқылы қабірхана бөлмесін көруге болады. Көктонды атаның шын есімі туралы ел ішінде екі түрлі пікір бар. Бірі – Имам Марқозы (Марғұзи, Мерғазы, Мәруази). Екіншісі – Баба Машын. Бұл аталған екі әулиенің екеуі де Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың шәкірттері болған белгілі тарихи тұлғалар. Ал Көктоды ата сол кісілердің бірі ме, әлде бертінде өмір сүрген тұлға ма, ол арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе…
Алдыңғы ақпарат

ТАРИҚАТ НАМАЗЫ, ОРАЗАСЫ ЖӘНЕ ЗЕКЕТІ

Келесі ақпарат

КӨШПЕЛІ КӨРМЕ СЕМЕЙГЕ БАРДЫ