Фил сүресі

Музей қорында түркі тілінде,  атауы, автордың есімі белгісіз, 3-982 беттен тұратын, литографиялық әдіспен басылған кітап сақталған. Мазмұнында: Пайғамбарымыз Мұхаммед ибн Абдулла (салла Аллаһу алейһи уә сәллам) милади жыл санауы (григориан календары) бойынша 571 жылы 20 — сәуірде, дүйсенбі күні дүниеге келген. Бұл – рәбиғұл-әууәлдің тоғызыншы немесе он екінші күніне тура келеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) дүниеге келетін жылы «Піл оқиғасы» аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабашистан (қазіргі Эфиопия) патшасының уәзірі әрі атақты қол басшысы Абраһа деген кісі Сана қаласында (қазіргі Иемен мемлекетінің астанасы) үлкен шіркеу салдырады. Ондағы мақсаты – Қасиетті қағбадағы Қара тасты күштеп тартып алып, оны Сана қаласындағы өзі салдырған зәулім кәнисаға (шіркеуге) орналастыру, сөйтіп, Қағбаға табынуға келген барлық жұрттың бетін Сана қаласына қарай бұру еді. Шіркеу өте биік екен. Осы кәнисаны (шіркеуді)  салдырып болғаннан кейін, Абраһа мың сан жау жүрек әскерлерін пілдерге мінгізіп, Меккеге қарай жорыққа шығады. Жолда Абдулмүттәлібтің (пайғамбарымыздың атасы) 20 түйесін кезіктіріп әлгі түйелерді ұстап алады. Бұл хабар Абдулмүттәлібке жеткен кезде ол Абраһаға келеді. Абраһа не шаруамен келдің — деп сұрайды. Абдулмүттәліб 200 түйемді қайтар дейді. Сонда Абраһа «Сені ата-бабаңның, өзіңнің дініңді, Қағбаны сөз етіп, бір маңызды іспен келді екен десем, сен құрыған түйелеріңді сұрап келгенің қызық екен» — деп таңырқап қалады. Сонда Абдулмүттәліб: «Мен түйелердің иесімін. Ал Қағбаны құтқарып, қорғаштап қалатын өз иесі бар», — дейді. Сонда Абраһа: «Менен құтқарып қала алмайды» — деп, Абдулмүттәліб-тің түйелерін қайтарып береді. Бұл оқиғадан кейін Абдулмүттәліб Меккеге кері қайтып, құрайыштарға хабар беріп бәрі жаппай Меккеден шығып, айналасындағы тауларға шығып бас сауғалайды.

Абраһаның әскерлері Қағбаға жақындаған тұста пілдері алға қарай жылжымай қояды. Осы кезде құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың әмірімен «әбәбил» деген құстар кенет аспанға көтеріледі де, тұмсықтарына, аяқтарына қыстырып алған қатты тас кесектерді жауынгерлерге қарша боратады. Құстардың атқан тастары жай оғындай ысқырып, жауынгерлердін басынан кіріп, аяғынан бір-ақ шығып отырады. Мұндай сұмдыққа тап болам деп ойламаған Абраһа қалған әскерін кері бұрып, бас сауғалап қашады. Пілдер дүркіреп кейін шегінеді. Өзінің сұм мақсатына жете алмаған Абраһа ернінен жараланып, көп шығынға ұшырап, салы суға кетіп қайтады. Сөйтіп атақты қолбасшы «жырық ерін Абраһа» аталып еліне келіп жетеді.

Бұл оқиға туралы  «Құран Кәрімнің «Піл» сүресінде: Раббыңның «Піл иелеріне не істегенін көрмедің бе? Олардың айлакерліктерін  босқа жібермеді ме? Оларға топ-топ әбәбил құстарын жіберді. Құстар оларға балшықтан күйдіріліп жасалған тастар атты. Осылайша Аллаһ  оларды топан тәрізді» қылды  делінген. («Фил» сүресі 5 аят)

Алдыңғы ақпарат

Ортағасырлық Сауран қалашығын абаттандыру мәселелері талқыланды

Келесі ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен маңына жерленген тағы да 12 тұлға белгілі болды