ЕСЕП: Қазақстанның рухани жер асты мешіттерінің тарихы және «Қылует» жерасты мешітін музейлендіру

«Қазақстанның рухани жерасты мешіттерінің тарихы және «Қылует жерасты мешітін» музейлендіру» тақырыбындағы ғылыми бағдарлама Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 046 «Қолданбалы ғылыми зерттеулер», 2021 жылдың 22 шілдесіндегі № 97 келісім-шартқа сәйкес ғылыми бағыт бойынша орындалды.

Зерттеу нысаны Қазақстандағы жерасты мешіттерінің тарихын зерттеу және Түркістан қаласындағы «Қылует жерасты мешітін» музейлендірудің тұжырымдама жобасын жасау болып табылады.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты, Қазақстандағы жер асты мешіттерінің тізімдеу, тарихын жүйелеу, мәдени-рухани әлеуетін анықтау, «Қылует жерасты мешітін» музейлендірудің ғылыми концепциясын жасау, жерасты мешіттерін қорғау мен пайдаланудың және туристік нысан ретінде насихаттаудың тұжырымын жасау.

Зерттеу барасында тарих ғылымының принциптерін негізге ала отырып, тарихи салыстырмалы талдау, үлгілеу, сараптама жасау, видео-фото, сызбалар, көшірмелер түсіру тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. «Қылует» жерасты мешітін музейлендіру анализ жасау, сақтау, музей жиынтығын «ғылыми іріктеу», музей қорын іріктеудің ғылыми концепциясы, музей қорын тіркеудің аспектілері, жүйелеу, түсіндіру, атрибуциялау зерттеу әдістері негізінде іске асады.

Алдыңғы ақпарат

ЕСЕП: ХІХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасыр басындағы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихын кешенді зерттеу

Келесі ақпарат

Концерттер, фильмдер көрсету және шеберлік сабақтары. Беларусь Республикасында Қазақстанның мәдениет күндері қалай өтуде