«Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК мәжіліс залында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ мамандарымен «Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ ақпараттандыру және түсіндірме бөлімінің қызмерлері Салықбаев Қайрат және Абдрахман Бауыржан  «Деструктивті діни ұйымының психологиялық портреті» тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері, сондай-ақ қазіргі заманғы электронды бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы тарап жатқан экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын топтар және олардан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндірілді.

Жиын барысында қорық-музей қызметкерлері баяндамашылармен пікір алмасты.

Алдыңғы ақпарат

Жаңа жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды

Келесі ақпарат

Айна, ХІІІ ғ.