Дәурен Абаев «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады

28 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Жезқазған қаласында өтетін «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады.

Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Украина, АҚШ, Ресей, және басқа елдердің мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен зерттеушілер қатысады деп жоспарланған.  Ғалымдар пленарлық отырыс пен тақырыптық секциялар барысында Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ, конференция аясында «Алтын Орда мұрасы» фотокөрмесі ұйымдастырылады, онда Алтын Орда кезеңінің сәулет құрылыстары мен экспонаттарының фотосуреттері ұсынылады.

Өтетін орны: Жезқазған қаласы, С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Басталуы: сағат 10.00

Қосымша ақпарат алу үшін мына номерге хабарласыңыздар: +7 (701) 914-55-88

Алдыңғы ақпарат

Қазақстанда Қырғыз Республикасының мәдениет күндері басталды

Келесі ақпарат

Қазақстан Үкіметі Алтын Орда бойынша ғылыми және мәдени жобаларға қолдау көрсетеді