БОПЫ СҰЛТАН ӘБІЛФЕЙІЗ ХАН ҰЛЫ

Ə. Мұхтар, «Отан тарихы», 2013 жылғы №3 санында жарияланған «Уәли Абылайұлының өмiрi мен қызметi» атты мақаласында «Əбiлпейiз сұлтанның орнына Ханқожаны (Əбiлпейiздiң әмеңгерлiк жолмен алған, қайтыс болған Барақ сұлтанның әйелiне еріп келген бала – Ə.М.) хандық лауазымға тағайындап, Орта жүздегi билiктi екiге бөлiп тынды [15, 85–86б.]. И.Г. Андреевтiң анықтауынша, Әбiлпейiз қайтыс болған соң, найман рулары ел басқаруға Бопы мен Ханқожа сұлтандарды шақырғанымен, талқылай келе, Қытаймен тиiмдi байланысын ескерiп Ханқожаны таңдаған» деген дерек келтіреді. Деректе келтірілген мәліметте көрсетілгендей, Бопы Әбілпейіздің бел баласы, Ханқожа асыранды баласы екенін көреміз. Сондай-ақ, осы мақалада «Семипалатинск қорғанында арнайы қазақтар үшiн сауда орталығын ашу мәселесiн көтерген Әбiлпейiз сұлтанға, ол басқаратын найман руларына назар аударады. Олар 1784 жылы Әбiлпейiздi ұлы Бопының Түркiстанға жерленгендiгiн, ол жерде келесi ұлы Болаттың хан екендiгiн толық есепке алды» деп И.Г. Андреевтің «Описание Средней орды киргиз-кайсаков» атты еңбегіне сілтеме жасайды (Әбілсейіт, 2013: 81–90). Бопы сұлтан Әбілпейізұлы туралы басқа деректер кездеспейді.

Алдыңғы ақпарат

СҰЛТАН МАХМҰД ТӨРЕ

Келесі ақпарат

Досай Кенжетай — Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы мен ілімі