БОЛАШАҚ ЗИЯТКЕРЛЕР ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығы қаламыздағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» тақырыбында көшпелі көрме өткізді. Аталмыш көрмені білім ордасының ұстаздары мен оқушылары тамашалап, түркі руханиятының ұлы ұстазы – Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың артта қалдырған телегей-теңіз мұраларымен танысып, хикметке толы шығармаларының мәні мен маңызы жөнінде кеңінен ақпарат алды. Музей қорындағы тарихтан сыр шертер құнды жәдігерлеріміз де таныстырылды. Мұндағы әрбір жәдігерлердің өзіндік қолданылу тарихы мен маңыздылығы жөнінде айтылды.
Көрме жас жеткіншектерге туған өлкенің терең тарихы мен ондағы рухани мұралардың мәнін таныстыруды мақсат тұтты. Және Ахмет Ясауи бабамыздың шығармаларындағы негізгі мәселелердің бірі — ішкі «жан тазалығы» туралы оқушы жастарға баяндалып, осындай көрмелер арқылы өскелең ұрпақтың рухани иммунитетін көтеріп, саналы да жігерлі азамат, еліміздің патриоты болып қалыптасуына септесу де маңызды мәселе…
Алдыңғы ақпарат

Тазалық, тазалану туралы не білеміз? — 2

Келесі ақпарат

Китабул жинаят