Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Қымбатты отандастар!

Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Əлемдік деңгейдегі ойшыл, қазақ руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…»,- деген дуалы сөзін терең түсінген халқымыз үшін бұл мерекенің орны ерекше.

Егемен Еліміз қол жеткізген толайым табыстар мен бағындырған биік белестердің ұйытқысы — татулық пен тұтастық. Еліміздегі барлық ұлт өкілдері жұмыла көтеріп, бейбітшіліктің салтанат құруына атсалысып келеді.

Жыл өткен сайын бұл мереке бірлігімізді арттырып, жетістіктерімізді еселей береді деп сенемін.

Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»,-делінген құттықтау хатында.

Алдыңғы ақпарат

Салтанат Ералиева — Бірлігіміз жарасқан: Түркістан кереметтері

Келесі ақпарат

Берікбай Абдрасилов — Ясауи қабірханасының сырлары