Ашудың азабы

Алғашқы ері Құл Сүлейменнен Əнуар ана Асқар, Мамыт және Үббі атты ұл бала көрген екен. Əнуар өте келісімді, сұлу әйел болыпты. Ол Зеңгі бабаға некелегенде де реңін бермей жаңа түскен келіншектей жасарып жүрген көрінеді. Бірде Əзіреті Ысмайыл ата Қазықұртидың баласы жолын тосып, алдынан жүгіре шығып:

– Жеңеше, бетіңізден бір сүйейінші, – депті.

Қой, айналайын, әрі жүр, –деп, Әнуар ана бетінен сүйгізбепті.

Әйелдің сұлу ажарына қызыққан он сегіз жасар бозбала қайта-қайта өтініп, жабыса беріпті. Оның жуық арада ажырай қоймайтынына көзі жеткен соң, әбден ашуға булыққан Әнуар ана:

– Ой, жүгермек кеткір-ай, – депті назаланып, сол-ақ екен бала сылқ ете түсіп, жан тәсілім етеді.

Бұл болған оқиғаны паданың басында жүрген Зеңгі баба қасиетімен біліп отырады. Түс мезгілінде жұбайы өзіне ас алып келгенде ол:

– Ей, Әнуар, сен бекер қылдың ғой. Бетіңнен сүйгізсең нең кетер еді? Жусаң кетер еді. Енді оның рухы да сені қарғайды. Сенен бала болмайды. Мен үрім-бұтақсыз қалатын болдым, – деген екен. Шынында да Зеңгі мен Әнуар анадан перзент болмапты.

Алдыңғы ақпарат

Беті тілінген грек қызы

Келесі ақпарат

Құрышхан ата мазары, V-VІІІ ғғ.