• 30 Қыркүйек 2020

Асхана бөлмесі

Асхана — бөлменің тарихымен таныспас бұрын сіздерді осы асхана бөлмесінің архитектуралық ерекшеліктерімен таныстыра кетейік. Бұл бөлме қазандықпен дәліз арқылы байланысқан.Асхананың сәулет құрылымдық әдісі, үшбұрышты күмбездермен көмкерілген сегіз қырлы композиция. Бұл Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнерінде сирек кездесетін тәсіл болғанымен, мұнда өте көп пайдаланылған. Панельге арнап орын қалдырғанымен еш жері әшекейленбеген.

Асхана мезгіл тауқыметін жаугершілік зардабын көп шеккен құрылыс, сондықтан қайта қалпына келтіргенде оның күмбездерімен батыс қабырғасы жаңадан қаланып, сылақтан өткізілген. Бұрын мұнда осындағы қазандарда туралған ет пен бидайдың ботқа – «Хәлім» дайындалатын болған. Ботқаны 24 сағат бойы қайнатып, піскен соң ағаш астауларға салып қазандыққа жиналған дәуріштерге, жарлы жақыбайларға, мүгедектерге үлестірген.

Алдыңғы ақпарат

Үлкен Ақсарай

Келесі ақпарат

Мешіт бөлмесі