• 16 Қыркүйек 2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркістан қаласына арнайы іссапармен келіп, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи нысандарды аралады. Сапарын ортағасырлық Күлтөбе қалашығынан бастаған министр археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылармен кездесті.

Алдағы уақытта туристік нысан ретінде ашық аспан астындағы музейге айналдыру және Ясауи өмір сүрген кезеңіндегі деректердің бетін ашу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берген Арыстанбек Мұхамедиұлы бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, хан мешіті мен жерасты Қылуеті, сегіз қырлы сағана және Рәбия Сұлтан бегім кесенесін аралап, «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны ның жүргізуі тиіс қайта қалпыну жұмыстары жөнінде пысықтады.

-«Әзірет Сұлтан» аумағында атқарылатын жұмыстарды жеделдетуіміз тиіс. Әрбір турист рухани мекенге келіп, тарихи деректерді көзбен көріп, сезіне білуі тиіс. Алдымыздағы ауқымды жобалар тұр. Бұл үш жыл — тарихымызды зерттеп, қайта қалпына келтіру бағытында қыруар еңбекке толы күрделі әрі жауапты кезең»,- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі — БАҚ көзімен» республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Келесі ақпарат

Белгілі кино режиссер Метин Гюнай Сауран қалашығымен танысты