АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ «Nomad Explorer» республикалық туристік экспедициясының гала-концертіне қатысты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Оңтүстік аңыздары» атты «Nomad Explorer» республикалық туристік экспедициясына қатысушылармен кездесті.
Кең ауқымды экспедицияға бизнес-құрылым, зиялы қауым өкілдері, отандық шоу-бизнес жұлдыздары, блогерлер және БАҚ өкілдері, барлығы 1000 адамдай қатысқан болатын.
Экспедицияны қорытындылау және жабылуына орай Сауран қалашығының аумағында өткен шараға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айрықша маңызға ие бастаманың сәтті жүзеге асуымен құттықтады.
-«Бүгінгі шара бабаларымыздың ғасырлар бойғы мұрасының қазіргі таңдағы​ өзектілігінің​ керемет көрінісі.«Nomad Explorer» экспедициясына қатысқан барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын. Біздің кең-байтақ сүйікті Отанымыз жаңа қырынан ашылып, жүрекке жылу беретін жерлер көбейгеніне сенімдімін»,-деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Түркістан облысындағы Сауран қалашығында тұңғыш рет ұйымдастырылған экспедициялық жоба алыс-жақын шетелдік туристерді тартуға жасалған серпінді қадамдардың бірі. Осы орайда, министр ортағасырлық қаланың тарихын насихаттауға арналған жобаны қолға алып, жүзеге асуына тікелей атсалыса отырып, жоғары дәрежеде ұйымдастырған кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев,​ BI Group құрылыс холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев пен белгілі режиссер Ахан Сатаевтарға алғыс айтты.
Өз кезегінде экспедиция ұйымдастырушылары да Түркістанға келген саяхатшы топты назардан тыс қалдырмай арнайы келген министрге риясыз ықыластарын білдірді.
Тарихи көрініспен даярланған концерт сахнасы мен саманнан жасалған көрермен орындықтары, ​ ​ ​ «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен басқа да өнер иелерінің қатысуымен өткен THE SOUL OF NOMADS фестивалі​ жиынға қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Халықаралық шарада «Тайқазан» гастрономиялық фестивалі, көкпар, ұлттық ойындар, жылқы мен түйеге мініп жүру, әуе шарлары шоуы, UNISEF — The Garden of Nomads қатысуымен Номадтар Бағында 500 көшет отырғызу шаралары өтті.
Айта кетсек, 22- 26 сәуір аралығында «Оңтүстік аңыздары» экспедициясына қатысушылар Түркістан және Жамбыл облыстарының көрікті нысандарын, соның ішінде Яссауи, Арыстан баб кесенелерін, Отырар қалашығын, Ақмешіт үңгірін аралаған болатын.
Ал, концерт алаңының құрылысын жүргізуші — «BI Group» құрылыс компаниясы. Сауран қақпасы көрісінде жүргізілген нысан — «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің пайдалануына берілмек.

Алдыңғы ақпарат

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Келесі ақпарат

Гарнизон штабы