Қаратөбе (Сауран) қаласы, ІV-V – ХІV ғғ.

Түркістан қаласынан солт.батысқа қарай 45 шақырым, ортағасырлық Сауран қаласының оңтүстік батысына қарай 3 км, №30 теміржол разъезінің батыс жағында 4 шақырым жерде орналасқан. Координаттары: 43˚29.203΄, 067˚46.829΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 212м. Бұл үлкен көлемді үш деңгейлі төбе, құрылымы бес бұрышты геральдикалық қалқан формасында. Оның беттерінің өлшемдері: солтүстік-батыс беті -250м, солтүстік беті-165м, оңтүстік-батыс беті-180м, оңтүстік-шығыс беті-280м және шығыс беті- 180м. Қаланың солтүстік-шығыс бетінде цитадель орналасқан, оның беттерінің өлшемдері: солтүстік беті-70м, солтүстік-батыс-беті 110м, оңтүстік-батыс беті-160м, солтүстік шығыс-160м және оңтүстік-шығыс беті-60м. Цитаделдің іргесі жоспарда тіктөртбұрышты, биіктігі 11м. Солтүстік бетінде 15м-лік мұнараның қалдығы сақталған, диаметрі 20м-лік дөңгелек төбенің орны көрініп тұр. Цитаделдің теңіз деңгейінен биік нүктесі 213,60м, шахарістаны – 209м. Сонымен бірге солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және шығыс бұрыштарының мұнараларының іргесі сақталған. Қаланың барлық бетінде рабадтың іздері сақталған. Рабадының жалпы көлемі 18,2га, шахарістаны – 11,2га, цитаделі-3,5га, ал қалашықты барлық рабадымен қосқандағы көлемі 30га болады. Алғашқы  зерттеуді 1947ж Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) жүргізді. Ескерткіштің нақты сызба жоспары  түсіріліп және жинақталған материалдарға ҮІ-ХІІІғғ. деген мерзім берілді. 1986 жылы Сауран қалашығы мен Қаратөбе қалашығын қоса Археология институты (К.М. Байпақов) зерттеу жүргізді. Қаратөбе-Сауран қалашығына 2003ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (М.Қ.Тұяқбаев) отряды зерттеу жүргізген және ол жұмыстар 2005-2008жж. жалғасын тапты. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша жинағына №634 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Жалпы жер көлемі 100 га.

Алдыңғы ақпарат

Шауғар-Шойтөбе қаласы, ІІ-ІІІ – ХІІІ ғғ.

Келесі ақпарат

Сауран қаласы ХІІІ-ХІV — ХVІІІ ғғ.